Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығы
«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш;
2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш;
3) педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш;
4) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық - 300 айлық есептік көрсеткіш;
5) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық - 150 айлық есептік көрсеткіш;
6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық - 150 айлық есептік көрсеткіш;
7) мемлекеттік ғылыми стипендия - 24 айлық есептік көрсеткіш.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
3. Ғылым комитеті (Б.Ә. Қасымбеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы