«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 646 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:
Ережеге 1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есептің нысаны»;
Ережеге 2-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
Ережеге 2-1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.