|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 65-баптың екінші бөлігінде: 6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша - әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады. Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;»; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын: «9-1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы істер бойынша - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;»; 2) 285-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы баптың екінші, үшінші, бесінші, 5-1, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.»; екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 257 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 296, 298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 333 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізе алады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын: «5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргізеді.»; 8-1-бөлігіндегі «, 325» деген цифрлар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-4-бөлікпен толықтырылсын: «8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.»; 3) 288-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болса немесе оларды кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері орындайды.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе этаппен жөнелтілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 355-баптың тақырыбындағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылысын; «575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі»; 2) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «қаржы полициясы мен» деген сөздер «қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттік органдардың және» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 355-баптағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 575-бапта: тақырыбы, бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:»; екінші бөліктің екінші абзацындағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 619-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;»; 6) 620-бапта: 3), 4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі; 4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;»; «10) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулерді жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;»; 7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: бесінші абзацтағы «461 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған, осы Кодекстің 461 (3-1-бөлігі), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468-2, 469, 477 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);»; отыз бесінші абзацтағы «461 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын; қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);»; 8) 730-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;»; 9) 731-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.». 4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат): 1) мазмұнында: 12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын; 120-баптың тақырыбы «Қорғаныс» деген сөзден кейін «және ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтаждары үшін алып қою;»; 4) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.»; 5) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген;»; 6) 84-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;»; 7) 105-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жерін және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерді қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мұқтаждар үшін жердің барлық санаттарының құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берілетін адамдар, сондай-ақ күзет, санитариялық және қорғау аймақтары белгіленетін адамдар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырапты өтейді.»; 8) 107-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.»; 9) 12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 120-баптың тақырыбы, 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер 1. Әскери бөлiмдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын және Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердің, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де ұйымдарын, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектілері мен құрылыстарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер деп танылады. 2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар өткізу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.»; 11) 121-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады.». 5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»; 256-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «256-бап. Әскери қызметтегі адамдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері»; 257-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу»; 2) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берілісінің әуе желілері және олардағы құрылыстар, байланыс объектілері қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер жатады.»; 3) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |