Күзет қызметі туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «жеке кәсіпкерлер», «жеке кәсіпкерлік», «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерге», «жеке кәсіпкердің», «жеке кәсіпкерлердің» деген сөздер тиісінше «дара кәсіпкерлер», «дара кәсіпкерлік», «дара кәсіпкер», «дара кәсіпкерге», «дара кәсіпкердің», «дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Күзет қызметі ұғымы 1. Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады. 2. Осы Заңның күшi жеке күзет ұйымдарына және егер iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентi мен Үкіметінiң актілерінде өзгеше көзделмесе, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiне қолданылады. 3. Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) 1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер 1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді. 3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.
2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау; 2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi 1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi. 2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу 1. Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды. 2. Жеке күзет ұйымында, күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасыныә Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі. Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы. 3. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады. 4. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың: 1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға; 2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға; 3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға; 4) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттік кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру 1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi. 2. Күзет қызметiн құқық тәртібі мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға шағым жасауға құқылы. 4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі
7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге: 1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi; 2) жеке күзет ұйымдары; 3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 4) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы 1. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттік органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге мiндеттi. 2. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Ішкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi осы Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi 1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметтерiн көрсететiн (күзет қызметтерiн көрсету) коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Тиiстi лицензиясы болған жағдайда күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ күзет тәсiлдерi және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғау бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жеке күзет ұйымының өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ. 2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметiн, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырады. 3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi. 4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады. 5. Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен біліктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне: 1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын; 2) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар; 3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгіндегі баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгi шегіндегі мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; 4) жеке меншiкке, мемлекеттік билiк институттарына, белгiленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған; 5) мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған; 6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды. 7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады. 8. Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
11-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
13-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) 13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi 1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер: 1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткізу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге; 2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткізу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс; 4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киімiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға; 5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге; 6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы. 2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер: 1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға; 2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға; 3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге; 4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге; 5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi.
3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу
22.02.02 ж. № 297-II; 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету: 1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; 2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету; 3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.
2008.04.07 № 53-ІV ҚР Заңымен (Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді 15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібі 1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөніндегі шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртібі, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады. 2. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киім киіп жүзеге асырады. Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт 1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi. 2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi: 1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi; 2) жеке күзет ұйымдары; 3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы. 4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта: 1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер; 2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi; 3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер; 4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi; 5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс. 5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
17-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер 1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ. 2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi. 3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс. Мыналар: 1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары; 2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері) болып келетін жеке тұлғалар; 3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар; 4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар; 5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды. 4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға; 2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге; 3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге; |