«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 182 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2.5.-жолдың 2-бағанында «тұжырымдамасын» деген сөз «стратегиясын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бағанда:
реттік нөмірлері 1.3., 1.9., 1.26., 2.7., 2.9., 2.10., 2.11., 2.13., 2.15, 2.20, 2.30, 2.34, 2.36.-жолдардағы «ҚҚА» деген аббревиатура «ҰБ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.24.-жолдағы «ҚҚА-ға» деген сөз «ҰБ-ға» деген сезбен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 2.14, 2.16.-жолдардағы «ҚҚА Басқармасының қаулысы және» деген сөздер алынып тасталсын;
4-бағанда:
реттік немірлері 1.4, 2.6, 2.14.-жолдардағы «ҚҚА (келісім бойынша),», «АӨҚОА (келісім бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын;