Қарағанды қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2012 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қаланың 2012 - 2014 жылдарға арналған, оның ішінде 2012 жылға арналған бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 34 619 506 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 18 975 157 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 82 407 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша - 1 271 335 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 14 290 607 мың теңге; 2) шығындар - 35 124 754 мың теңге; 3) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо - 162 126 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы - 667 374 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 667 374 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 1 517 374 мың теңге; қарыздарды өтеу - 850 000 мың теңге. 2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы ХLI сессиясының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 464 шешімімен Қарағанды қаласының бюджетіне аударымдардың нормативтері келесі мөлшерде бекітілген: жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз; әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз. 3. 2012 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 2 031 218 мың теңге сомасындағы субвенциялар көзделгені ескерілсін. 4. 2012 жылға арналған қала бюджетінің түсімдері мен шығындарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелері 4 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|