Қазақстан Республикасының
Сыртқы барлау туралы (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) барлау ақпараты - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынатын және (немесе) пайдаланылатын ақпарат; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы барлауы - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын жария және жария емес барлау, ұйымдастыру және басқару шараларының жүйесі; 3) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне орай барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану, сондай-ақ мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
2-бап. Сыртқы барлау субъектілері 1. Сыртқы барлау субъектілеріне: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - сыртқы барлау органы); 2) осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті; 3) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жатады. 2. Сыртқы барлау органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде, барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Сыртқы барлау органы арнаулы мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiне жатады, оның нышаны, туы, ведомстволық наградалары мен төсбелгiлерi, нақты және шартты атаулары болады.
3-бап. Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Барлау қызметінің міндеттері Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 3) елдің экономикалық дамуына және ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру; 5) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
5-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің принциптері Сыртқы барлау субъектілерінің қызметі мынадай принциптерден тұрады: 2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 4) жария және жария емес әдістер мен құралдардың үйлесімдігі.
2-тарау. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін ұйымдастыру
6-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің салалары Барлау қызметін өз өкілеттіктері шегінде: саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда; халықаралық террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл саласында; Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияланған және өзге де арнайы байланыс түрлері саласында; Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті: шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында; экстремизмге және террористік қызметке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекаралық саясаты мен Мемлекеттік шекарасын, аумақтық суларын (теңіздерін) және континенталды қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында; 3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы барлау саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің негізгі бағыттарын және басымдықтарын айқындайды; 2) сыртқы барлау органын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; 3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Үкіметіне сыртқы барлау субъектілерін басқа да мемлекеттік органдармен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау және барлау қызметін жетілдіру жөніндегі мәселелерді қарауға тапсырма береді; 4) сыртқы барлау органының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) сыртқы барлау органының ережесін, сондай-ақ оның басшысының ұсынуымен органның құрылымын және жалпы штат санын бекітеді; 6) сыртқы барлау органы басшысының орынбасарларын оның басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 7) жоғары офицерлік және басқарушы құрамдағы адамдар орналасатын сыртқы барлау органы қызметтерінің тізбесін бекітеді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1) арнаулы атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдары тізбесін бекітеді; 8) сыртқы барлау органының қызметін бақылайды, тексеруші органдарды тағайындайды, олардың мақсаттарын, міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды, бақылау нысандары мен оны жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 9) өзі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде сыртқы барлау органы басшысының есебін тыңдайды; 10) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің құзыреті Сыртқы барлау субъектілерінің құзыретіне мыналар жатады: 1) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалау мен болжамдар дайындау; 2) Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру; 3) жасырын көмек көрсетуге келісім берген адамдармен ақы төленбейтін не ақылы негізде жария емес ынтымақтастық орнату; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшілерін, қызметкерлері мен жұмыскерлерін шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру; 5) сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдарды, сыртқы барлау субъектілері бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлеу жөніндегі шараларды іске асыру; 6) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпарат алу; 7) сыртқы барлау субъектілерінің қауіпсіздігін олардың өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғауы арқылы қамтамасыз ету; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру; 10) өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; 11) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз ету; 12) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдалану; 13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін және ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану; 14) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру; 15) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де өкілеттіктерді орындау.
9-бап. Сыртқы барлау органының құзыреті Сыртқы барлау органының құзыретіне осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, мыналар да жатады: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенті мен Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын беру; 2) мемлекет басшылығының саяси, әскери-саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу; 3) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне сыртқы барлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 4) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметін үйлестіру; 5) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық, оның ішінде сыртқы барлау саласындағы міндеттемелерін орындау; 7) жүзеге асырылатын барлау қызметінің стратегиясын және тактикасын әзірлеу; 8) барлау қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау; 9) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзге де күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу; 10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстар орнату, сақтау және дамыту, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу; 11) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларға бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда) әзірлеу, иелену, жасау, іске қосу және пайдалану, шифрлеу мен шифрді ашу жұмыстарын ұйымдастыру; 12) сыртқы барлау органының объектілерінде құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау, оларды кейіннен құқық қорғау органдарына тапсыру; 13) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өз объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, жеке және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асыру, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу; 14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін байланыстың арнаулы түрлерімен жарақтандыру, жеке және инженерлік-техникалық қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар арқылы жылыстауына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; 15) жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) сыртқы барлау органындағы қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын iрiктеу, арнайы тексеруден өткiзу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруді ресiмдеу (қайта ресiмдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, оның iшiнде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 17) барлау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, арнаулы оқу құралдарын шығару; 18) ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер мен білімнің түрлі салаларының мамандарын тарту арқылы өз қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес сарапшылық топтарын құру; 19) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге де мүліктерін шарт негізінде пайдалану; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) бөлiмшелердiң, объектiлердiң, үй-жайлардың, көлiк құралдарының, қызметкерлер мен жұмыскерлердің, жасырын жәрдем көрсететiн адамдардың ведомстволық тиесiлiгiн шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдiстер мен құралдарды пайдалану; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21) қызметкерлер мен жұмыскерлерді iссапарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жiберу; 22) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту; 23) жеке және заңды тұлғаларды зерделеу мен тексеруден кейін оларға өз объектілерін қорғау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға рұқсат беруді жүзеге асыру; 24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің объектілері мен үй-жайларын қорғауды қамтамасыз ету үшін қаруды, арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану; 25) мемлекет берген және республикалық меншікке жататын мүлік есебінен қалыптастырылған, оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкінің болуы; 26) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және саяси баспана беру туралы мәселелерді шешуге қатысу; 27) арнайы мұрағатты, жедел есептерді, анықтамалық, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану; 28) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де өкілеттіктерді орындау.
10-бап. Барлау қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары 1. Барлау қызметі процесінде сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жария және жария емес әдістер мен құралдарды пайдаланады. 2. Барлау қызметінің әдістері мен құралдары адам өмірі мен денсаулығына зиянын тигізбеуге және қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге тиіс. 3. Барлау қызметін жүзеге асыру процесінде сыртқы барлау субъектілеріне белгілі болған жеке өмір, жеке және отбасылық құпия туралы немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік немесе өзге де құпияға қатысы бар ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге жатпайды.
11-бап. Барлау қызметі туралы мәліметтерді сақтау Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау органының барлау қызметі саласындағы мәліметтері тек қана сыртқы барлау органының арнайы мемлекеттік мұрағатында сақталады.
12-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің өзара іс-қимылы 1. Сыртқы барлау субъектілері өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде бір-бірімен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. 2. Мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде сыртқы барлау субъектілеріне барлау қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуге міндетті. 3. Сыртқы барлау субъектілерінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әзірленген олардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-бап. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң кадрлары 1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды. 2. Сыртқы барлау органының қызметкерлері мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. 3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өздерінің ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға лауазымдық қызметке тұруы және iссапарға жiберiлуi мүмкiн. Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 5. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi кадрлар есебiнде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар. Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органына қызметке алынғанға дейiнгi еңбек өтiлiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына есептейдi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Сыртқы барлау органдары қызметкерлерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiның және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты олардың мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқығы Сыртқы барлау органының қызметкерлеріне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Қаруды, арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану тәртiбi осы Заңда айқындалады.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері 1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері арнайы дайындықтан өтуге, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруден өтуге міндетті. 2. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде сыртқы барлау органының қызметкері өзінде арнайы құралдар немесе қару болмаған жағдайда қолына түскен кез келген құралдарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы. 3. Егер қорғау күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе сыртқы барлау органы қызметкерінің өзіне қол сұғудың сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келетін болса, сыртық барлау органының қызметкері заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауаптылықта болмайды. 4. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 5. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы сыртқы барлау органы қызметкерлерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және өзге да техниканы, қару мен арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін қолдануы 1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының абыройына, оның және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарды ұстау үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайды, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеруді ескере отырып, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар. 2. Сыртқы барлау органы қызметкерінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды 16-2-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдануы 1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда: |