Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2013.24.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 185 қаулысымен бекітілген
Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану, оның ішінде, электрондық астық қолхаттары жүйесінде астықты тіркеу, есепке алу, электрондық астық қолхаттарының айналымы және өтелуі тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 390 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) электрондық астық қолхатын ұстаушы - астық қабылдау кәсіпорнына астықты сақтауға орналастырған астық иесі; 2) астық қабылдау кәсіпорны - меншік құқығында астық сақтау жүзеге асырылатын астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 3) индоссамент - астық қолхаты бойынша құқықтар мен міндеттемелердің басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын табыстама жазба; 4) индоссант - астық қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беретін тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|