Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 269 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Мониторингті уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде уақтылы және жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
3. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүргізуді кезең-кезеңмен жүзеге асырады және: 1) деректерді жинауды; 2) деректерді өңдеуді; 3) деректерді талдауды қамтиды. 4. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жарты жылда бір рет мынадай көрсеткіштер бойынша өткізеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|