Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы (2012.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 297 қаулысымен 1-тармақтағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы» деген сөздер «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы» деген сөздермен, бұдан әрі қаулының мәтіні бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздер «ҚазАгро» холдингі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі - «ҚазАгро» холдингі АҚ) құрылсын. 2. «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: «ҚазАгро» холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп: 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) «ҚазАгро» холдингі» АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның ережелерін ескере отырып, «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жарғысын бекітуді; 3) «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалауды жүргізсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) бір ай мерзімде «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін; 2) бір жарым ай мерзімде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-81-жолмен толықтырылсын: «21-81. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-14-жолмен толықтырылсын: «205-14. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ». 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 297 қаулысымен тақырыбы және 1-бөлімдегі «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздер «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» деген сөздермен, «ҚазАгро» ұлтхолдингі» және мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздер «ҚазАгро» холдингі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен бекітілген
«ҚазАгро» холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 1-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құру мақсаты
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның мақсатына қол жеткізу қызметтің мынадай негізгі қағидаттарына негізделеді: қоғамдар қызметінің мемлекеттік аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуі; корпоративтік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені пайдалану; «ҚазАгро» холдингі» АҚ және қоғамдар қызметінің ашықтығы;
ҚР Үкіметінің 2007.09.10. № 921 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның міндеттері
Қойылған мақсат шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның міндеттері мынадай болады: инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту; агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту; ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру. Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.09.10. № 921 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.25.03 № 399 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-бөлім өзгертілді 4. «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның функциялары
Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестері арқылы корпоративтік басқару шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болады: әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, қоғамдар үшін мақсаттар қою; қоғамдардың стратегиялық даму жоспарларын, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді және қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекіту; мақсаттарға қол жеткізуді, оның ішінде қаржылық нәтижелерді барынша арттыруды қамтамасыз ету; қоғамдардың жобаларын іске асыруда қаржылық және басқару менеджментін жүзеге асыруға қатысу; сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту; қоғамдар қызметінің тиімділік индикаторларын әзірлеу және оның мониторингі; қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиімділік көрсеткіштерін орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету; қоғамдардың қызметіне корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгізу; қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу; қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
ҚР Үкіметінің 2007.09.24. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.07.11 № 1024 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.14.07 № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.20.12. № 1378 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.10.01. № 10 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-бөлім өзгертілді 5. «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысын қабылдау жолымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері қабылдайды. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы кіреді. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне: «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің басым бағыттарын анықтау; «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кіреді. «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның қызметін қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетін дивидендтер есебінен қалыптастырылатын кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.05.01. № 2 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 (бұр. ред. қара); 2007.09.10. № 921 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 576 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5-1-бөлім өзгертілді 5-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
ҚР Үкіметінің 2009.25.03 № 399 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «ҚазАгро» холдингі» АҚ мен қоғамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«ҚазАгро» холдингі» АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның қоғамдардың қызметіне ықпал етуі акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиісті Директорлар кеңестеріндегі өкілдігі арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі. Қоғамдардың Директорлар кеңестерінің құрамына «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның өкілдері, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсіз директорлар кіреді. Қоғамдар Директорлар кеңестерінің төрағалары болып «ҚазАгро» холдингі» АҚ өкілдері сайланады.
ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 297 қаулысымен тізбенің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
|