Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абрис - кеспеағашты бөлу және бағалау (таксациялау) барысында жасалатын кеспеағаштың далалық сызбасы; 2) мөлшерлеп бөлу - көршілес орман қоры учаскелерінен мөлшерлеу сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп бірлігі; 3) бұтақ қоры - қалыңдығы 3 сантиметр және одан да қалың дің бұталар қоры; 4) кәделік сүрек - қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке мына шарттарға сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады: қабықсыз жоғарғы кесігінің диаметрі кемінде 3 сантиметр; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|