«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқаруға қабылдансын, оның ішінде 2012 жылға: 1) кірістер - 5 112 412 323 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 3 365 696 627 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 230 560 870 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 590 311 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1 496 564 515 мың теңге; 2) шығындар - 5 474 618 196 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 54 000 757 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 177 999 247 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 998 490 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 363 627 077 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 364 137 077 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 510 000 мың теңге; 5) тапшылық - -779 833 707 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,5 пайыз; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 779 833 707 мың теңге.»; 2) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|