Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» (2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 10-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжайы: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе: бөлімі») интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе жеке куәлігін) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету құжатты алуға өтінішті ресімдеген күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Мемлекеттік қызметті жеделдетілген режимде көрсету ресімделген күннен бастап 7, 10 және 15 жұмыс күндеріне көрсетіледі, ал дайын құжаттарды беру 7, 10, 15 күндері жүргізіледі (құжаттар қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс. 9. Құжаттарды ХҚТ ТП арқылы қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Орталыққа өтініш білдірген кезде қағаз тасымалдағышта толтырылып: қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың өкілдіктері мен филиалдарында құжаттар бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін: 1) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын (ХҚТ ТП арқылы қызмет алу кезінде кітап талап етілмейді); 2) құжат үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын ұсынады); 3) ХҚТ ТП арқылы азаматтар ұсынған немесе фотосалоннан алынған фотосуреттерді және мына құжаттардың біреуін ұсынады: туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бірінші рет паспорт алған кезде); ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде); Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген қайтып оралу куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде). Жеке куәлікке және (немесе) паспортқа ресімделген жағдайда өтініш беруші құжат ресімдеген кезіндегі жасына сәйкес келетін, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алатын мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет ұсынылады. Фотосуреттер фотобаспа әдісімен бір негативтен қалың фотоқағазға басылуы қажет. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. 12. ХҚТ ТП арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер толтыру талап етілмейді. Қағаз тасымалдағыштар арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде Орталықтың инспекторлары жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшін өтініш бланкілерін толтырады. Бланкілер Орталықтың инспекторларында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берілетін күні, уақыты және орны; 4) өтінішті 1-нысан бойынша ресімдеген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты; 5) құжат беру үшін өтініштің жыртылмалы түбіртегі көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. ХҚТ ТП арқылы қабылданған дайын құжаттарды беруді уәкілетті органдардың қызметкерлері жыртылмалы талон (түбіртек) негізінде жүзеге асырады. Орталық инспекторы толтырған өтініштің негізінде қабылданған дайын құжаттарды беру Орталықтың «терезесі» арқылы Орталық инспекторы берген қолхаттың негізінде жүзеге асырылады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшысына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2 қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|