Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 601 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 20 сәуірдегі

№ 504 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін немесе транспондерлерінің сыйымдылығын (бұдан әрі - транспондерлер) жалға ұсыну тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ғарыш аппараты транспондерінің сыйымдылығы - транспондерлердің жиілік-энергетикалық ресурсы;

2) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігінде орналасқан және спутниктік байланысты ұйымдастыруға арналған техникалық құрылғы;

3) ғарыш аппаратының транспондері - ғарыш аппаратына орнатылған және Жер-ғарыш-Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг