«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ережеде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Агенттіктің заңды мекенжайы: почталық индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуын іске асыруды қамтамасыз ету; 2) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту; 4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау; 5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру; 6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың жай-күйі мен болжамына және ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануда әлемдік үрдістерге талдау жүргізеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|