Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы (2012.23.07. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 2/489 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқару және иелік ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін мүліктік жалға беру (жалдау) тәртібін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/823 қаулысы (Алматы қаласының әділет органдарында 2006 жылы 24 қаңтарда № 693 болып тіркелген, «Вечерний Алматы» газетінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 29-30 сандарында және «Алматы ақшамы» газетінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 17 санында жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|