|
|
|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 қаулысымен бекітілген
Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу
1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі - аумақтық әділет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өтеді. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады. Комиссия жеті мүшеден - нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихаттың екі депутатынан тұрады. Нотариустардың кандидатураларын нотариаттық палата Комиссияның құрамына қосу үшін аумақтық әділет органына ұсынады. Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады. Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады. Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күннен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |