«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ұлттық қауіпсіздікті: қаржылық мониторингті жүзеге асыру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау; салық, кеден және бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану және сақтау; қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде қамтамасыз ету;»; 31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына қатысты актілерді, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жарты жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын: «37-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу;»; 58) тармақша алынып тасталсын; 60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «60) конкурстық іс жүргізу, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту;»; 97), 98), 99) және 101) тармақшалар алынып тасталсын; 102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «102) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;»; 103), 104) және 105) тармақшалар алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|