Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу (2009.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді әрі жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді өзгерту рәсімдерінен өтудің бірыңғай тәртібін, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын ресімдегені мен бергені үшін төлем (алым өндіріп алу) тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту; 2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту; 3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгерте отырып, қатар тұрған үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту; 4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар: тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы; инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы; автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымы; әуе және су көлігі; көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері; телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар; атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика; кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіптер; ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы; қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы; әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі. Өзгеріс жүргізілу ұйғарылып отырған объектілерге, сондай-ақ жекелеген тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар немесе қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) бөліктері де жатқызылады; 5) өтініш беруші - өзінің мақсаты үшін (тұру, қызмет көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) жаңа құрылысты жүзеге асыруға ниеті бар немесе қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген үй-жайларын немесе өзге де бөліктерін қайта жаңарту, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы); 6) рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге жаңа объект салу немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды: ведомстволық бағыныстағы жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) аумағын өтініш берілген объектінің құрылысына беру туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімін не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығында болатын учаскені құрылысқа пайдалануға арналған рұқсат; қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органның рұқсаты; жер учаскесінде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) арналған рұқсат; 7) сындарлы шешімдерді өзгерту - қолданыстағы объектілердің тіреу және (немесе) сыртқы қоршау құрастырмаларын (оның ішінде іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, ішкі тіреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген сындарлы шешімдерді өзгерту.
2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген рұқсатты ресімдеу мен беру тегін жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беруді (рұқсат беруден дәлелді бас тартуды): 1) республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; 2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүргізеді. 5. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген жағдайларда тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегі, жатақханалардағы) жекелеген үй-жайларды немесе оның жекелеген бөліктерін қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары береді. 6. Егер объектіні немесе объектілер кешенін кезең-кезеңмен жобалау және салу көзделетін және осындай жобаларға мемлекеттік сараптама сараптамалық сүйемелдеу режимінде (жобалаудың тиісті кезеңдері бойынша тиісті жергілікті оң қорытындылар ресімдей отырып) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, рұқсат объект (кешен) бойынша тұтас құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге беріледі. Көрсетілген жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат объектінің немесе кешеннің құрамына кіретін жекелеген блок (ғимарат, құрылыс) бойынша, сондай-ақ құрылыстың жекелеген кезеңдерін - қазаншұңқырлар қазу жөніндегі жер жұмыстарын, коммуникациялар төсеу, іргетастар салу жөніндегі және құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамына кіретін басқа да жұмыстарды орындауға беріледі. 7. Рұқсат өтініштің және тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін қоса берілетін құжаттардың негізінде беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттар өтініш берілген сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде қаралады. 9. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар осы Ереженің 8-тармағында белгіленген мерзім ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады. Егер объект нормативтік ұзақтық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға міндетті. Құрылысты жалғастыруға арналған жаңа рұқсат өтініштің және тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, қоса берілетін құжаттардың негізінде беріледі. 11. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. Құрылыстың бастапқы тапсырыс берушісі (құрылыс салушы) немесе құрылысты жүргізіп жатқан мердігерлік ұйым (бас мердігер) ауысқан кезде тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші бойынша бұрын берілген рұқсат қайта тіркелуге тиіс. Мұндай өтініш өзгерістер болған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей осы рұқсатты берген органға беріледі. Олай болмаған жағдайда қайта тіркеуге өтініш берудің көрсетілген мерзімі өткеннен кейін бұрын берілген рұқсат күшін жояды. 13. Рұқсатсыз не осы Ереженің 10-12-тармақтарында көзделген жағдайлар бойынша күшін жойған рұқсат негізінде объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау рұқсатта көрсетілмеген жұмыс түрлерін орындаумен бірдей, заңсыз құрылыс болып табылады. 1) объектінің құрастырмалары мен функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын объектілерді қайта жаңартқан, қайта жоспарлаған, қайта жабдықтаған, техникамен қайта жарақтандырған, күрделі жөндеген; 2) көшелердің, алаңдардың, өткелдердің жол жабындары мен көше төсемдеріне ағымдағы жөндеу жүргізген, шағын сәулет нысандарын, ашық жасанды бассейндерді, фонтандарды, қалалық безендіру қондырғыларын, сәулет және көгалдандырудың жер бедері элементтерін салған және жайластырған; 3) уақытша мақсаттағы көмекші және қосалқы құрылыстар салған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу талап етілмейді.
3. Қолданыстағы тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға рұқсат беретін рәсімдердің ерекшеліктері
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де бөліктерін өзгертуге мүдделі және жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі бар адамдар тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсат алу үшін жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары органдарына өтініш береді. Өтінішке: 1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бір бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не үй-жайлардың немесе ғимараттың бөліктерінің меншік иесінің (меншік иелерінің) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі; 2) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған ұйғарылып отырған өзгерістердің жобасы (нобай) қоса беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1467 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды 15-1. Объектінің құрастырмалары мен функционалдық мақсатын өзгертпей, жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтау құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмай-ақ, жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады. 16. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделеріне қайшы келмейтін болған жағдайларда, онда өтінішке осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс. Тапсырыс берушінің қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) басқа меншік иелерінен (тең меншік иелерінен) көрсетілген келісімді алу қажеттілігі Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінде көзделген тәртіппен жобаны әзірлеу сатысында белгіленеді. өтініш берушінің өзгертілетін объектіге тиісті меншік құқығы не үй-жайға немесе өтініш берілген өзгерістерге үй-жай бөліктеріне меншік иесінің (тең меншік иелерінің) нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі болмаса, сондай-ақ көрсетілген өзгерістер өзге де үй-жай меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын; жоспарланған өзгерістерде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен тыйым салынған әрі шектелген қызметтің түрі үшін үй-жайды (ғимарат бөліктерін) пайдалану белгіленген; өзгертулер жобасы техникалық шарттарға немесе мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, қолданыстағы үй-жайларды (ғимараттың бөліктерін) өзгерту жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту жүзеге асырылады. Дәлелді бас тарту өтініш берушінің құжаттарына сәйкес келмейтін нақты нормативтік құқықтық актілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттарды көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде беріледі. Өтініш беруші ескертулерді, рұқсат беруден дәлелді бас тарту негізінде жойған кезде қайта өтініш беру жалпы негіздерде қаралады. 18. Үй-жайларды (ғимараттың бөліктерін) өзгерту жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту өтініш берілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
|