«Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін регламенттейді.»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды. 3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|