«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 5) тармақшасын, 8-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 778 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Бастауыш білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі; 2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы; 3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|