Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы (2009.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен мәтін бойынша «веб-сайттарына» «веб-сайтына», «веб-сайттарында», «веб-сайттарының» деген сөздер «интернет-ресурстарына», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурсына» «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі 598 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар серпінді және статистикалық ақпаратқа бөлінеді: 1) серпінді ақпарат - бұл мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар және басқалары); 2) статистикалық ақпарат - бұл мемлекеттік органның ішкі қызметін көрсететін тұрақты (анықтамалық) сипаттағы ақпарат (мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері, құрылымы, ережесі және басқалары); 3) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ, ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібі
3. Мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшелері электрондық ақпараттық ресурстар дайындайды және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға аппарат басшысымен, жауапты хатшымен, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған лауазымды тұлғамен келіседі. 4. Келісілгеннен кейін электрондық ақпараттық ресурстар оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді. 5. Серпінді ақпарат жаңа ақпараттың түсу шамасына қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жаңартылады. 6. Статистикалық ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында қажеттілігіне қарай жаңартылады. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар: 1) Word, Excel, HTML және басқа мәтіндік форматтарда; 2) JPG, GІF және басқа форматтардағы графиктік файлдар түрінде беріледі. 7. Мемлекеттік құпияларды құрайтын, жариялануы шектеулі, сондай-ақ басылымдық жариялануы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған өзге де мәліметтер электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
8. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарының ақпараттық көздері: тиісті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері; тиісті мемлекеттік органның ведомстволары; тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері; тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары; басқа ұйымдар берген мәліметтерді құрайды.
|