«Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді (рұқсат беруден дәлелді бас тартуды): 1) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жоспарлануы, жобалануы және салынуы облысаралық, жалпы республикалық, мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар және екі және одан көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен байланысты объектілер бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|