Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы (2014.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 27 қазанда № 133-134 (758) жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5667 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 22 мамырда № 76 (1499) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ж. Оразғалиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Г.Демеуовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|