Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бірiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi. ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; 29.06.98 ж. № 236-1 ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің есептiлiгi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімiмен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекітуi; Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуi; Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілері Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк актілері - «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы», «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. 5-бап. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi 6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді 2 тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда 7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 167-ІV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV (бұр.ред.қара) (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкi: а) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады. б) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетедi; в) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды г) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады; Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы; д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртібін айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды; д-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды; д-3) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар ретіндегі халықтың мүдделерін қорғау мақсатында, айырбас пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы; е) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды е-1) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады. ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді; ж-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді; ж-3) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді; з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді; з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi; з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, пайдаланудың және өтеудің тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді; и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы; и-1) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi; и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртібін белгiлейдi; и-4) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге рұқсат бередi; к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды; к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; к-2) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады; к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi; л-1) төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі алғашқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін айқындайды және оны жинауды жүзеге асырады; л-2) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді; л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді; л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келісім бойынша белгiлейдi; м) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бір бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға құқылы; н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы; о) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгiлейдi, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтегi мемлекеттік қорын құрайды; о-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді; п) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады; р) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады; p-1) мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады; р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады; р-3) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады; р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады; с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы; т) мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады; у) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi; у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы; у-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады; у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады; у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады; у-5) банк шоттарының құқықтық режимін және құрылымын белгілейді; у-6) ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi; у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады; у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады; у-10) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады; у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi; у-12) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейдi; у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды; у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды; у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды; у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады; у-17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етеді; ф) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен дербес жүзеге асырады. |