Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 688 Қаулысымен күші жойылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 927 қаулысымен бекітілген
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және газды есептеу аспаптары болмаған кезде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) өлшем бірлігі - тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормативінің көрсеткіші; 2) көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің конструктивтік және техникалық параметрлері - коммуналдық ресурстарды тұтыну көлеміне (санына) әсер ететін көрсеткіштер (қабырға материалдары, шатыр, қабаттылығы); 3) абаттандыру дәрежесі - тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтарының болуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|