|
|
|
2-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 2)
Мақсаты 1 Осы Стандарттың мақсаты акцияларға негізделген төлем операциясын жүзеге асыратын ұйым үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол ұйымнан қызметкерлерге акцияларға опциондар ұсынатын операцияларға байланыстарды қоса алғанда, акцияларға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе шығын құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді. Қолдану аясы 2 Ұйым алынған тауар немесе көрсетілген қызметтті арнайы анықтай алатын/алмайтындығына қарамастан өз есептілігінде меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары, төменде берілгендерді қоса алғанда, үшін осы Стандартты басшылыққа алуы тиіс: (а) меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары, төлемдер операцияларын; (b) меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары; және (с) ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын және келісімнің талаптары ұйымға немесе осы тауарларды, немесе қызмет көрсетулерді жеткізушіге негізінде ұйым операция бойынша не ақша қаражаттарымен (немесе басқа активтермен), не акциялар шығару арқылы есеп айырысуды жүзеге асыра алатын таңдауды ұсынатын операцияларды қоса алғанда, акцияға негізделген барлық төлемдер операцияларын есепке алуды болжаған кезде қолдануы тиіс, бұл жерде 3А-6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда. Арнайы анықталған тауар немесе қызмет болмағанда, ал басқа жағдайларда тауар немесе қызмет алынды/көрсетілді немесе алынады/көрсетіледі деп көрсететін болса, онда осы Стандарт басшылыққа алынады. 3A Акцияларға негізделген төлем операциясын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын ұйым атынан өзге ұйым тобы жүргізе алады. 2 тармақ сондай-ақ келесі ұйым үшін қолданылады (а) Егер сол топтың басқа кәсіпорынында(немесе топтың кез келген ұйымының акционері) операцияларды акцияларға негіздеп төлеу міндеттемесі болса, тауарлар мен қызмет көрсетулерді алады, немесе (b) сол топтың басқа кәсіпорыны тауарлар мен қызмет көрсетулерді алғанда, операцияны акцияға негіздеп төлеу міндеттемесін алады егер ұйымға ұсынылған операцияның мақсаты тауар мен көрсетілген қызмет үшін төлемнен басқа болса. 4 Осы стандарт мақсаты үшін ұйымның үлестік құралдарының иесі ретінде болатын қызметкермен (немесе басқа тараппен) операция акцияларға негізделген төлем операциясы болып табылмайды. Мысалы, егер ұйым өзінің акциялардың белгілі бір түрінің барлық иесіне ұйымның қосымша акцияларын осы акциялардың әділ құнына қарағанда төмен баға бойынша сатып алуға құқық ұсынса және қызметкер осындай құқықты ол, осы белгілі бір түрдегі акциялардың иесі болып табылғандықтан, осы құқықты алса, онда осы құқықты ұсынуға немесе пайдалануға осы стандарт талаптары қолданылады. 5 2-тармақта аталып өткендей, осы Стандарт акцияларға негізделген, ұйым не тауарлар, не қызмет көрсетулер алатын төлем операцияларына қолданылады. Тауарларға қорлар, шығыс материалдары, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа қаржылық емес активтер кіреді. Дегенмен, ұйым осы Стандартты тауарларды бизнесті біріктіру кезіндегі бизнестік операцияларға 3 «Бизнес бірлестіктері» ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция бойынша) қолданылатын таза активтердің бір бөлігі ретінде сатып алатын операцияларға, 3 ХҚЕС - ың (IFRS) B1-B4 - тармақтарында көрсетілгендей ортақ басқарылатын ұйымдардың немесе ұйымның бизнес бірлестіктеріне, немесе 31 «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу» ХҚЕС-да (IAS) анықталғандай бірлескен қызметті қалыптастыру барысында бизнеске жарнаға қолданбауы тиіс. Тиісінше, бизнесті біріктіру кезінде сатып алатын ұйымды бақылау үшін айырбас ретінде шығарылатын акциялар осы Стандарт қолдану аясына кірмейді. Дегенмен сатып алатын ұйымның қызметкерлеріне қызметкерлер ретінде ұсынылатын (мысалы, олардың атқарып отырған қызметі үшін) акциялар осы ХҚЕС қолдану аясына кіреді. Сол секілді акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдерді қысқарту, ауыстыру және басқа өзгерісі бизнесті біріктіруге немесе капиталды басқа да қайта құрылымдауға байланысты осы ХҚЕС сәйкес ескерілуі тиіс. 3 ХҚЕС (IFRS) ұйымдар бірлестігінде шығарылған акциялардың сатылған ұйымды басқару құқығының орнына берілген сыйақының бөлігі болу-болмауын (сондықтан 3 ХҚЕС-ының (IFRS) шегінде болатын) немесе бірігуден кейінгі кезеңде танылатын жалғаспалы қызмет үшін берілген-берілмегендігін (сондықтан 3 ХҚЕС-тың (IFRS) шегінде болатын) анықтау бойынша нұсқау береді. 6 Осы Стандарт акцияларға негізделген, 32 Қаржы Құралдары: Ақпаратты Ұсыну ХҚЕС (IАS) (2003 жылғы редакция) 8-10-тармақтарын немесе 39 Қаржы Құралдары: тану және бағалау ХҚЕС (IАS) (2003 жылғы редакция)[1] 5-7-тармақтарын қолдану аясына кіретін шартқа сәйкес ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын төлемдер операцияларына қолданылмайды. 6А Осы ХҚЕС-тағы «әділ құн» термині 13 ХҚЕС Әділ Құнды Өлшеу стандартындағы терминінің анықтамасынан айырмашылығы бар. 2-ші ХҚЕС-ны қолданған кезде ұйым әділ құнды 13 ХҚЕС емес, осы ХҚЕС сәйкес өлшенеді. Тану7 Ұйым акцияларға негізделген төлемдерді болжайтын немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алу сәтінде тануы тиіс. Ұйым, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер акцияларға негізделген, ол бойынша есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларында алынса, меншікті капиталдың тиісті ұлғаюын немесе, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер акцияларға негізделген, ол бойынша есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер операцияларында алынса, міндеттемелерді тануы тиіс. 8 Егер акцияларға негізделген төлемдер операцияларында алынған немесе сатып алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретіндегі тану критерийлеріне сәйкес келмесе, онда олар шығыстар ретінде танылуы тиіс. 9 Әдетте, шығыс тауарларды немесе қызмет көрсетулерді тұтыну нәтижесінде туындайды. Мысалы, қызмет көрсетулер әдетте бірден тұтынылады және осы жағдайда шығыс қызмет көрсетуді қарсы тарап көрсету сәтінде танылады. Тауарлар қандай да болмасын уақыт кезеңі ішінде немесе қорлар неғұрлым кешірек күні сатылған жағдайда тұтынылуы мүмкін; осы жағдайда шығыс тауарлар тұтынылған немесе сатылған кезде танылады. Дегенмен кейде шығысты тауарлар немесе қызмет көрсетулер тұтынылғанға немесе сатылғанға дейін тану қажет, себебі олар активтер ретінде тану критерийлеріне сәйкес келмейді. Мысалы, ұйым тауарды жаңа тауарды әзірлеу жөніндегі жобаны зерттеу сатысының бір бөлігі ретінде сатып алады. Бұл тауарлар тұтынылмағанмен, олар қолданылатын стандартқа сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап бермеуі мүмкін. Акцияларға негізделген, үлестік құралдармен төленетін операциялар Шолу10 Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс. Егер ұйым алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде[2] өлшеуі тиіс. 11 10-тармақтың талаптарын қызметкерлермен және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалармен[3] операцияларға қолдану үшін ұйым ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын өлшеуі тиіс, өйткені әдетте алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын 12-тармақта түсіндірілгендей сенімді түрде есептеу мүмкін емес. Осы акциялардың әділ құны олар ұсынылған күні өлшенуі тиіс. 12 Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да акциялар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған акциялардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін ұйымдағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың ұйым қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру. Акцияларды немесе акцияларға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, ұйым қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан ұйым қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс. 13 Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға 10-тармақтың талаптарын қолдану үшін алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер ұйым осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған акцияның ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс. 13A Атап айтқанда, егер ұйым алған куәландыруға келетін қарастырулар (бар болса) ұсынылған акциялардың әділ құнын немесе туындаған міндеттемелерден кем болса, әдетте бұл жағдай ұйым басқа қарастыруды (мысалы куәландыруға келмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулер) алғаны (немесе алғалы тұрғалы) жөнінде мәлімдейді. Ұйым куәландыруға келмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді ХҚЕС (IFRS) сәйкес бағалауы тиіс. Ұйым куәландыруға келмейтін алынған (немесе алынатын) тауарлар мен қызмет көрсетулерді акцияларға негізделген төлемнің әділ құны мен куәландыруға келетін алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердің әділ құны арасындағы айырмашылығы ретінде бағалауы тиіс. Ұйым куәландыруға келмейтін алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынылған күні бағалауы тиіс. Алайда, ақшаға негізделген операциялар үшін әр есеп беру мерзімінің аяғында 30-33 тармақтарына сәйкес негізделмегенше міндеттемелер қайта бағалануы тиіс. Қызмет көрсетулерден алынған операциялар14 Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Қарама-қайшылықтар жоқ болған кезде, ұйым қарсы тараптың акциялар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні ұйым алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. 15 Егер ұсынылған акцияларға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда ұйым қарсы тарап осы акциялар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы: (а) егер қызметкерге акцияларға опциондар ол ұйымда үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс; (b) егер қызметкерге акцияларға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жетуі, сондай-ақ қызметкердің ұйымдағы қызметін осы қызмет шарты орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда ұйым қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс. Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын айқындау 16 Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы үлестік құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс (19-22-тармақтардың талаптарына сәйкес). 17 Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы үлестік құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс. Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс (19-22-тармақтардың талаптарына сәйкес). 18 В қосымшасында үлестік құралдардың және үлестік құралдарға опциондардың әділ құнын өлшеу жөніндегі неғұрлым нақты нұсқаулар қамтылған. Осы қосымшада шарттың қызметкерлерге үлестік құралдарды немесе үлестік құралдарға опциондарды ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипаттамалары болып табылатын белгілі бір талаптары қарастырылады. Үлестік құралдар беру шарттарын есепке алу 19 Үлестік құралдарды ұсыну белгілі бір үлестік құралдарды беру талаптарын орындауға байланысты. Мысалы, қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну әдетте қызметкердің осы ұйымда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс істеуін жалғастыратынына не жалғастырмайтынына байланысты болады. Қызметтің орындалуы тиіс, ұйымның пайданың белгілі бір өсуіне немесе ұйым акциялары бағасының белгілі бір өсуіне жетуі сияқты талаптары болуы мүмкін. Өтудің нарықтық талаптардан өзгеше талаптары акциялардың немесе акцияларға опциондардың өлшеу күні әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Өтудің осы талабының орнына операция сомасын өлшеуге қорытындысында акцияларды ұсынғаны үшін өтемақы ретінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетуге қатысты танылған сома нақты өткізілетін акциялардың санына негізделетіндей етіп енгізілген акциялар санын түзету арқылы есепке алынуы тиіс. Осылайша, егер өту талаптары орындалмағандықтан ұсынылған акциялар өткізілмесе 21-тармақтың талаптарына сәйкес, мысалы, егер қарсы тарап көрсетілген кезеңде қызметті көрсетуді аяқтай алмаса немесе қызметтің талабы орындалмаса, онда алынған тауарларға немесе қызмет көрсетуге қатысты ешқандай сомалар жинақтау негізінде танылмайды. 20 19-тармақтың талаптарын қолдану үшін ұйым, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акциялар санының өткен есептерден өзгеше болатынын көрсетсе, өту кезеңі ішінде алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты құқықтарының өтуі күтілетін акциялардың санын неғұрлым жақсы бағалауға негізделген соманы тануы тиіс және қажеттілігіне қарай осы бағаны қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күніне осы бағаны оның түпкілікті қорытындысында құқықтары өткен акциялардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Бұл ретте 21-тармақтың талаптарын ескеру қажет. 21 Нарықтық, мысалы, акциялардың берілген бағасына жету сияқты, өту (немесе орындау мүмкіндігі) қатысты болатын талаптар ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Тиісінше, акцияларды нарықтық талаптармен ұсыну кезінде ұйым өтудің барлық басқа да талаптарын (мысалы, белгілі бір кезең ішінде жұмысын жалғастыратын қызметкерден алынған қызмет көрсетулер) орындайтын қарсы тараптан алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді нарықтың талаптарын қанағаттандыратынына не қанағаттандырмайтынына қарамастан тануы тиіс. Құқық бермейтін шарттарды қарастыру 21А Осы секілді, ұйым, берілген акциялардың әділ құнын бағалағанда, барлық құқық бермейтін шарттарды ескеруі тиіс. Сондықтан, құқық бермейтін шарттары бар акциялардың берілуі ретінде, ұйым, құқық бермейтін шарттар орындау-орындалмауына қарамастан, контрагенттен қабылданған нарық шарттары болып табылмайтын барлық құқық беретін шарттарды орындайтын (мысалы, қызмет көрсетудің нақты кезеңі ішінде жұмыс істейтін қызметкерден қабылданған қызметтер) тауарлар мен қызметтерді тануы тиіс. Сипаттамаларды қайта жүктеуді есепке алу 22 Сипаттамаларды қайта жүктеу опциондары үшін, осы сипаттамаларды қайта жүктеу күні ұсынылған опциондардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Мұның орнына сипаттамаларды қайта жүктеу опционы, егер қайта жүктеу опционы кешірек және ол ұсынылған кезде берілсе, опционды жаңадан беру ретінде есепке алынуы тиіс. Акцияларды өткізу күнінен кейін 23 Ұйым 10-22-тармақтарға сәйкес алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды танығаннан кейін, ол өту күнінен кейін меншікті капиталдың жалпы сомасына әсер ететін кейінгі ешқандай түзетулерді жасамауы тиіс. Мысалы, егер кейіннен қызметкер оған өткен акциялардан айырылса немесе егер акцияларға опциондар жағдайында опциондар орындалмаса, ұйым кейіннен қызметкерден алынған қызмет көрсетуге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасамауы тиіс. Дегенмен осы талап ұйымға меншікті капитал ішіндегі қозғалысты, яғни соманың меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына өтуін тануға кедергі жасамайды. Егер акциялардың әділ құны сенімді бағалана алмаса24 16-23-тармақтардың талаптары ұйымнан акцияларға негізделген төлем операциясын ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өзгертуді талап ететін жағдайда қолданылады. Сирек жағдайларда ұйым өлшеу күні 16-22-ұйымдарға сәйкес ұсынылған акциялардың әділ құнын сенімді түрде бағалай алмайды. Осы сирек жағдайларда ғана ұйым келесі жағдайларды қарастыру тиіс: (а) акцияларды олардың ішкі құны бойынша, ең алдымен ұйым тауарларды сатып алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні және одан әрі әрбір есепті күні және түпкілікті есеп айырысу күні өлшеуі тиіс, бұл ретте пайдадағы немесе шығындағы ішкі құнның өзгерісі танылады. Акцияларға опциондар ұсыну үшін акцияларға негізделген төлемдер туралы келісім бойынша түпкілікті есеп айырысу опциондар орындалған, алынған (мысалы, қызметкер жұмыстан шыққан кезде) немесе күші жойылған (мысалы, опцион мерзімінің соңында) кезде жүргізіледі; (b) алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді түпкілікті қорытындысында өткізілетін немесе (қайда қолданылса) түпкілікті қорытындысында орындалатын акциялар саны негізінде тануы тиіс. Осы талаптарды қолдану үшін, мысалы, акцияларға опциондарға ұйым, егер осындай бар болса, өту кезеңі ішінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді 14 және 15-тармақтардың талаптарына сәйкес тануы тиіс, бірақ бұл ретте 15(b)-тармағының нарықтық талап туралы талабы қолданылмайды. Өту кезеңі ішінде алынған тауарға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған сома құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың санын есептік бағалауға негізделуі тиіс. Ұйым, қажет болған кезде, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың саны бұрынғы есептерден өзгеше болатынын көрсететін болса, осы есептік бағалауды қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күніне есептік бағалауды оның нақты өткен акциялардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күнінен кейін, егер акцияларға опциондар кейінірек алынса немесе акцияларға опцион мерзімінің соңында күшін жойса, алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасауы тиіс. 25 Егер ұйым 24-тармақты қолданса, онда 26-29-тармақтарды қолданудың қажеттілігі жоқ, себебі акциялар ұсынылған талаптардың барлық өзгерісі 24-тармақта ұйымда жазылған ішкі құн әдісін қолдану кезінде есепке алынады. Дегенмен, егер ұйым 24-тармақ қолданылған акцияларды ұсыну туралы келісім бойынша өтеуді жүргізсе, онда:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |