|
|
|
5-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 5)
Мақсаты 1 Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтаужәне тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну, әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт: (а) сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтердің ең аз қаржылық жағдай есебі сомасымен және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен бағалануын және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және (b) сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтерді қаржылық жағдай туралы есептің өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді. Қолдану аясы2 Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді[1] активтергежәне ұйымның шығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген бағалауға қойылатын талаптар 5-тармақта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес бағалануға тиісті активтерді қоспағанда, танылған барлық ұзақ мерзімді активтерге және ұйымның шығаруға арналған топтарына (4-тармақта көрсетілген) қолданылады. 3 1 Қаржыық есептілігін ұсыну ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Ұйым әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс. 4 Кейде ұйым активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі[2] болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарынан 5-тармақпен алынып тасталған ұйымның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер бағалауға қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ қаржылық жағдай есебіжәне сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша бағаланатындай болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді бағалау жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-тармақтарда баяндалған 5 Осы Стандарттың бағалау бойынша ережелеріне[3] жекелеген активтер ретінде, не шығаруға арналған топтың бір бөлігі ретінде болмай, аталған стандарттармен реттелетін мынадай активтерге қолданылмайды: (а) кейінге қалдырылған салықтық активтер (12 Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС (IAS) ); (b) қызметкерлерге сыйақылар нәтижесінде пайда болған активтер (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС(IAS) ); (с) 9 Қаржы құралдары ХҚЕС (IFRS) қолданылу аясына кіретінқаржы активтері; (d) 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік ХҚЕС(IAS) ұсынылған әділ құн бойыншаесепке алу үлгісіне сәйкес есепке алынатын ұзақ мерзімді активтер; (e) 41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ына (IAS) сәйкессатуға жұмсалатын шығындар шегерілген әділ құн бойыншабағаланатын ұзақ мерзімді активтер; (f) 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС(IFRS) айқындалған сақтандыру шарттарына байланысты құқықтар. 5А Осы ХҚЕС-тағы (IFRS) сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (немесе шығаруға арналған топқа) қатысты жіктеу, ұсыну және өлшеу талаптары иелер ретінде әрекет ететін иелерге үлестірілуге арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерге де (немесе шығаруға арналған топқа) қатысты болып есептеледі (иелерге таратуға арналған). 5B Осы ХҚЕС (IFRS) сатуға арналған және тоқтатылған қызметке жатқызылған ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) қатысты талап етіліетін ашып көрсетулерді анықтайды. Басқа ХҚЕС-ында(IFRS) ашып көрсету осындай активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) сол ХҚЕС (IFRS) талап етпеген жағдайда қолданылмайды: (a) сатуға арналған және тоқтатылған қызметке жатқызылған ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтар) қатысты арнайы ашып көрсетулер; немесе (b) 5 ХҚЕС-дағы (IFRS) бағалау талаптары аясынан тыс шығаруға арналған топтар ішіндегі активтер мен міндеттемелерді бағалау жөнінде ашып көрсетулер және қаржылық есептіліктердің басқа түсініктемелерінде сипатталмаған ашып көрсетулер. 1 ХҚЕС-на (IAS) сәйкес келу үшін, атап айтқанда, сол Стандарттың 15 және 125 тармақтарына, сатуға арналған және тоқтатылған қызметке жатқызылған ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) туралы қосымша ашып көрсетулер қажет болу мүмкін. Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатуға арналған немесе иелерге үлестірілуге арналған ретінде жіктеу 6 Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) қаржылық жағдай есебі құнының оны пайдалануды жалғастыра беруінен емес, негізінен сату есебінен толтырылса, ұйым оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. 7 Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйіндегі осындай активтер (немесе шығаруға арналған топтар) дереу сату үшін қолда бар және оны сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. 8 Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу, әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуы тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстыруға негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-тармақпен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, сатуды жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс. Акционерлердің келісімінің мүмкіндігі (егер ол заңдық үкіммен талап етілсе) болуы мүмкін сатылымның салығының бір бөлігі ретінде қабылдануы керек. 8А Еншілес ұйымды басқарудан айырумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген ұйым, ұйым өзінің бұрынғы еншілес ұйымындағы басқарылмайтын пайызын сатылғаннан кейін сақтау-сақтамауына қарамастан, 6-8 тармақтарда баяндалған талаптар орындалғанда, барлық активтерін және міндеттемелерін сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. 9 Оқиғалардың немесе жағдайлардың пайда болуымен байланысты сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі берілген ұйым бақылауында емес оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса, әрі ұйымның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауын жалғастыратыны жеткілікті дәрежеде расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы талаптарды сақтағанда орын алады. 10 Айырбастаудың 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады. 11 Ұйым ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) 8-тармақпен көзделген кезеңді бір жылмен шектеу бойынша талап орындалса ғана (9-тармақпен шешілген жағдайларды қоспағанда), сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де 7 және 8-тармақтардағы осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа талаптың сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін. 12 Егер 7 және 8-тармақтарда көрсетілген талаптар есепті күннен кейін орындалса, онда ұйым шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл талаптар есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін орындалған болса, онда ұйым бұл ақпаратты 41(а), (b) және (d) тармақтарда көрсетілгендей, ескертулерде ашып көрсетуі тиіс. 12А Ұйым активті (немесе шығаруға арналған топты) иелерге үлестіруге мәжбүр болған жағдайда ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топты) иелерге үлестіруге арналған ретінде жіктейді. Осы орынды болуы үшін активтер олардың қазіргі кезеңдегі қалпында жедел үлестірілуге қол жетімді болуы қажет және үлестірім жоғары дәрежеде мүмкін болуы қажет. Үлестірім жоғары дәрежеде мүмкін болуы үшін үлестірімді аяқтайтын әрекеттер орындалып және жіктелген күннен кейін бір жылдың ішінде аяқталуы тиіс деп күтілуі керек. Үлестіруді аяқтау үшін талап етілетін іс-әрекеттер үлестірімге маңызды өзгерістер енгізілмейтінін немесе үлестірім күшін жоймайтынын анықтау керек. Акционерлердің келісім беруінің мүмкіндігі (егер ол заңнамамен талап етілсе) үлестірім болуының жоғары мүмкіндігі бағалаудың бір бөлігі ретінде қабылдануы керек. Қолданылуы тоқтатылуы тиіс ұзақ мерзімді активтер13 Ұйым пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның қаржылық жағдай есебіқұны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ 32(а)-(с)-тармақта көрсетілген талаптарға жауап берсе, онда ұйым шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағымдарын пайдалануды тоқтатылған күні 33 және 34-тармақтарға сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді. 14 Ұйым пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) бағалау Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) бағалау15 Ұйым сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең аз қаржылық жағдай есебі немесе әділ құны бойынша бағалауға тиіс. 15А Ұйым иелерге таратуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) оның қаржылық жағдай есебі құнының және тарату[4] шығындарын шегергендегі әділ құнының ең азымен бағалайды. 16 Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына жауап берсе (11-тармақты қараңыз), онда 15 - тармақты қолдану активті (немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша (мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, қаржылық жағдай есебі құнның және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен бағалауға әкеледі. Сөйтіп, егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша бағалануға тиіс. 17 Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда ұйым сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс. 18 Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер мен міндеттемелердің) қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағалануы тиіс. 19 Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта бағалаған кезде осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын қайта бағаланғанға дейін бағалануға тиіс. Құнсызданудан болған залалды тану және күшін жою20 Ұйым активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегергендегі әділ құнға дейін кез келген бастапқы немесе кейінгі есептен шығарған кезде құнсызданудан болған залалдың, ол 19-тармаққа сәйкес танылмаған жағдайда тануға тиіс. 21 Ұйым активті сату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған, бірақ құнсызданудан, не осы Стандартқа сәйкес танылған, не бұрын 36 Активтердің құнсыздануы ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес жинақталған шығын сомасынан аспайтын басқа да пайданы тануға тиіс. 22 Ұйымшығаруға арналған топтысату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған басқа да пайданы: (а) ол 19-тармаққа сәйкес танылмаған шамада, бірақ (b) не осы Стандартқа сәйкес, не бұрын осы Стандарттың бағалау жөніндегі талаптарының қолданылу аясындағы ұзақ мерзімді активтер бойынша 36 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес танылған құнсызданудан болған жинақталған залалдан асырмай тануға тиіс. 23 Шығаруға арналған топ үшін танылған, құнсызданудан болған залал (немесе кез келген кейінгі пайда) осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарының қолданылу аясына 36 ХҚЕС (IAS) (2004 жылғы редакциясы) 104(а) және (в) және 122-тармақтарында баяндалған бөлу тәртібімен кіретін топтағы ұзақ мерзімді активтердің қаржылық жағдай есебі құнын азайтуға (немесе ұлғайтуға) тиіс. 24 Пайда немесе алдындағы ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату күні танылмаған шығын тануды тоқтату күні танылуға тиіс. Тануды тоқтатуға қатысты талаптар: (а) 16 ХҚЕС-тың (IAS) негізгі құралдарға арналған 67-72-тармақтарында (2003 жылғы редакциясы); және (b) 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-тың (IAS) материалдық емес активтерге арналған 112-117-тармақтарында (2004 жылғы редакция) жазылған. 25 Ұзақ мерзімді актив сатуға арналған ретінде жіктеліп тұрғанда немесе ол сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып тұрса,онда ұйым оны амортизацияламауға тиіс. Пайыздар жәнесатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелеріне жатқызылатын шығыстар үшін тану жалғастырыла беруге тиіс. Сату жоспарындағы өзгерістер 26 Егер ұйымактивті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктесе, бірақ 7-9-тармақтарда көрсетілген талаптар бұдан былай орындалмаса, онда ұйым активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатуға тиіс. 27 Ұйымсатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған (немесе бұдан былай сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кірмейтін) ұзақ мерзімді активті: (а) актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелгенге дейінгі, егер де актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелмеген болса, танылар еді деген амортизациялау немесе қайта бағалау сомасына түзетілген қаржылық жағдай есебі құнының және (b) оның бұдан кейінгі сатпау туралы шешім күні5 өтелетін сомасының ең азымен бағалауға тиіс. 28 Ұйымсатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған ұзақ мерзімді активтің қаржылық жағдай есебі құнының кез келген талап етілетін түзетулерін 7-9-тармақтардағы талаптар бұдан былай орындалмайтын кезеңде жалғастырылып отырған қызметтің пайдасынанемесе залалына6 кіргізуі тиіс. Ұйым мұндай түзетуді, пайда және залал туралы есептің, егер 37-тармаққа сәйкес мұндайлар бар болса, пайда немесе залал көрсетілген сол бабында көрсетуі тиіс. 29 Егер ұйымсатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтан жеке бір активті немесе міндеттемені алса, онда шығаруға арналған топтың сатылуы керек қалған активтері немесе міндеттемелері бұдан былай да тек, егер бұл топ 7-9-тармақтардың талаптарына жауап берген жағдайда ғана топ ретінде бағалануға тиіс. Өзге жағдайларда топтың жеке алғанда сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына сай келетін қалған ұзақ мерзімді активтері қаржылық жағдай есебі және сату шығындарын шегергендегі сол күнгі әділ құнының ең азымен жеке-жеке бағалануы тиіс. Талаптарға сай келмейтін ұзақ мерзімді актив бұдан былай 26-тармаққа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелмеуге тиіс. Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету 30 Ұйым қаржы есептілігінің пайдаланушыларына ұзақ мерзімді активтердің (шығаруға арналған топтардың) тоқтатылған қызметінен және шығарылуынан болған қаржы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынуға және ашып көрсетуге тиіс. Тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну31 Ұйымкомпонентінеоперациялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін ұйымның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, ұйымкомпоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс. 32 Тоқтатылған қызмет ұйымныңне шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және (а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады; (b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады; (с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес ұйым болып табылады. (а) пайда және залал туралы есептің өзінде бір соманы ашып көрсетуге тиіс, ол мыналардан: (і) тоқтатылған қызметтен салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалынан ; (іі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін бағаланған кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалынан тұрады; (b) (а) тармағында көрсетілген соманы мыналардан: (і) тоқтатылған қызметтен салықтарға дейін түсімнен шығыстардан және пайдадан немесе залалдан; (іі) 12 ХҚЕС-ының (IAS) 81(һ)-тармағында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан;және (ііі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін бағаланған кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған пайдадан немесе залалдан. Құрамдастаржөніндегі талдауды ескертулерде немесе толық пайда туралы есептің өзінде ұсынуға болады. Егер ол пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетілген болса, онда тоқтатылған қызметке жатқызылған болып сәйкестендірілген бөлігінде, яғни жалғастырылып отырған қызметтен бөлек көрсетілуге тиіс. Еншілес ұйымдар таяуда ғана сатып алған, сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына жауап берген шығаруға арналған топтарды талдаудың қажеті жоқ (11-тармақты қараңыз). (с) операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру бойынша қызметке жатқызылатын ақша қаражатының таза ағындарын ашып көрсетуі тиіс. Осылайша ашып көрсету сатып алған кезде сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына жауап беретін еншілес ұйымдар таяуда сатып алған шығаруға арналған топтар үшін талап етілмейді (11-тармақты қараңыз). (d) бас ұйымның иелеріне жатқызылатын жалғасушы операциялардан және қызметі тоқтатылған операциялардан түсетін табыс мөлшері. Бұл ашып көрсетілетін ақпараттарды ескертпелерде немесе толық табыс жөніндегі есептілікте ұсынуға болады. 33А Егер ұйым пайда немесе залалдың компонентін 1 ХҚЕС-тың (IAS) (2007 жылғы редакция) 81 -тармағында сипатталғандай бөлек табыс жөніндегі есептілікте ұсынатын болса, қызметі тоқтатылған операцияларға қатысты деп айқындалған бөлік сол бөлек есептілікте ұсынылуы тиіс. 34 Ұйым 33-тармақта талап етілетін, қаржы есептілігінде ұсынылған өткен кезеңдерге қатысты ашып көрсетулерді осылар ең соңғы ұсынылған кезеңдегі есепті күні тоқтатылған бүкіл қызметке қатысты болатындай етіп қайта ұсынуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |