Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы (2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны, тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда, мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оқу орындары», «оқу орындарының», «оқу орындарынан», «оқу орындарына», «оқу орнын», «оқу орнына», «оқу орнында» деген сөздер тиісінше «білім беру ұйымдары», «білім беру ұйымдарының», «білім беру ұйымдарынан», «білім беру ұйымдарына», «білім беру ұйымын», «білім беру ұйымына», «білім беру ұйымында» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Оcы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi - iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
09.12.1998 ж. № 307-1 ҚР Заңымен; 16.07.2001 ж. № 244-11 ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертiлдi 2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi 1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi: 1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында қамтамасыз ету; 2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру; 3) құқық бұзушылық профилактикасы; 4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру; 5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау; 6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру; 7) күдіктiлердiң, айыпталушылардың және сотталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету; 8) сотталған адамдардың түзелуiн ұйымдастыру; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мемлекеттік және өзге объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу; 10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету; 11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау; 12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау; 13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттiк бақылау; 14) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау; 15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды айдап апару, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу; 16) виза жұмысын жүргiзу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау; 17) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, дайындауды және берудi жүзеге асыру; 18) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен азаматтарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру; 19) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; 20) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау; 21) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитариялық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресуде жәрдем көрсету; 22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру; 23) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру; 24) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 25) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; 26) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығымен терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады. 2. Өзге мiндеттер iшкi iстер органдарына тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн. 3-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бірлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады. ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 4-бап жаңа редакцияда; 05.04.1999 ж. № 360-1; 16.07.2001 ж. № 244-11; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертiлдi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертiлдi 4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады. Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады. Iшкi істер органдары жүйесінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес Жарлық 4-1 баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 4-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-1-бап. Криминалдық полиция Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды. ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңымен 4-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-2-бап өзгертiлдi 4-2-бап. Әкімшілік полиция Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және ветеринариялық, көші-қон және жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды. ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңымен 4-3-баппен толықтырылды; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 4-3-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара) 4-3-бап. Әскери-тергеу органдары Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады. Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды. Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады. Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі. ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 4-4-баппен толықтырылды 4-4-бап. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар. Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді. Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-5-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін белгілейді; 2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтап қою, сақтау және алып жүру, есепке алу, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін белгілейді; 3) азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін белгілейді; 4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалану тәртібін белгілейді; 5) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн, штемпель-граверлiк кәсiпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді; 6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібін белгілейді; 7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
09.12.1998 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi 5-бап. Iшкi iстер министрлігі 1. Iшкi iстер министрлігі iшкi iстер органдарының біртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерiнiң, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының туы болады. Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-1-бап өзгертілді 5-1-бап. Iшкi iстер министрлiгінiң және оның аумақтық органдарының құзыретi 1. Iшкi iстер министрлігі: 1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi; 2) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы және iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери-тергеу органдарының, әскери, арнаулы полицияның және көлiктегi iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады; 3) қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 4) iшкi iстер органдары жүйесiнде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатының iске асырылуын қамтамасыз етедi; 5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды; 6) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi; 7) Iшкi iстер министрлігінiң қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 7-1) «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 7-2) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді; 8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi; 9) iшкi iстер органдарында iс жүргiзудiң бірыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi; 11) криминалдық, әкiмшiлiк полициясының және полицияның өзге де қызметтерiнiң, сондай-ақ iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының, арнаулы полицияның, көлiктегi iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау тәртібін айқындайды; 12) iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; 13) iшкi iстер органдарының жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады; 14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 16) полиция органдары бөлiмшелерiнiң режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердегi қызметiн қамтамасыз етедi; 17) авариялардың, өрттiң, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi; 18) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады; 19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмiрiнiң, денсаулығының, абыройы мен беделiнiң және мүлкiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асырады; 20) жергiлiктi iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер басшыларының және ұйымдар басшыларының кәсiби біліктiлiгiне аттестаттау жүргiзедi; 21) лауазымдар санаттары бойынша үлгiлiк біліктiлiк талаптарын, iшкi iстер органдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi, лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасын, iшкi iстер органдарының құрылымын, үлгi штаты мен штаттық нормативтерiн, жүктелiм көлемiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi және iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен қызметшiлерiнiң деңгейiн айқындайды; 22) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады; 23) ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етедi және қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi; 24) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 25) iшкi iстер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 26) iшкi iстер органдары жүйесiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi; 27) iздестiру, тергеу және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де iс жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiлердiң, алдын ала жауап алушылардың жазбаша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады; 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiреді, көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттік тiркеу мен есепке алу, оларды пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, емтихан қабылдау және жүргiзу құқығына арналған куәлiктер беру тәртібін айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол қозғалысына қатысуға жiбередi және оларды жүргiзуге құқық бередi; 29) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қарауына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 30) режимдiк, ерекше қорғалатын объектiлердi және мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi қамтамасыз етедi; 31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады; 32) iшкi iстер органдары жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 33) соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда министрлiктiң мүддесiн қорғауды және жергiлiктi жерлерде осы жұмысты үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 34) сол министрлiктiң iшкi әскерлерiнiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетуiн және айдап алып жүруiн бақылауды жүзеге асырады; 35) iшкi iстер органдары арнаулы мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыруды және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүрудi жүзеге асырады; 36) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады; 36-1) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату рәсімдерін, пана іздеген адамның куәлігін беруді жүзеге асырады; 36-2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекітеді; 36-3) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi; 38) күзет қызметi саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жеке және Заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi; 39) кандидатураны әкiмшiлiк учаске халқымен жариялы түрде талқылау ескеріліп, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау тәртібін айқындайды; |