Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2012 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына, 145-бабының 4-2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ереже осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сай; 2) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сай бекітілсін. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП 1-қосымша
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ереже __________ облысы (қаласы) мәслихатының 2011 жылғы «___» ______№ ___ шешімімен бекітілген
«__________ облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
I. Жалпы ережелер
1. «_________облысы (қаласы) бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттердің атқарылуына жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. 2. Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың (бұдан әрі - қала) мәслихатына тікелей есеп береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|