Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Осы редакция 2012 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 847 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 470-121-жол мынадай редакцияда жазылсын: «470-121 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Алматы қаласы». 2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде: реттік нөмірі 91-жолда «Мекемелер мен ұйымдардың атауы» деген бағанда «институты» деген сөз «университеті» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықта: 10-тармақта «институтының» деген сөз «университетінің» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 5-қосымшаның тақырыбында «институтының» деген сөз «университетінің» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде: реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: «3 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы». 5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: «17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті». 6. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 152-жол мынадай редакцияда жазылсын: «152. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны». 7. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 237-құжат): Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «8. Материалдық-техникалық базаны нығайту және қалыптастыру» деген бөлімде: реттік нөмірі 52-жолда, 2-бағанда «институтының» деген сөз «университетінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
|