Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы (2012.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайтын ережесі бекітілсін. 2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|