Денсаулық сақтау субъектілеріне арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 тамыздағы № 540 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 182-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары бекітілсін. 2. «Денсаулық сақтау субъектілеріне арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 713 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|