Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2013 жылға арналған қажеттілік нормалары туралы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық квоталарды бекіту үшін қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2013 жылға арналған қажеттілік нормаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің штаб-пәтеріне (Вена, Австрия Республикасы) жіберсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі халықаралық квоталарды бекіткеннен кейін есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2013 жылға арналған мемлекеттік квотаны бекіту үшін, соның шегінде лицензиялары бар заңды тұлғалар олардың айналымын жүзеге асыратын қажеттілік есебін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1057 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2013 жылға арналған қажеттілік нормалары
Есірткі құралдарына қажеттіліктердің жылдық есептеулері, синтетикалық есірткілерді дайындау көлемі, апиынды өндіру және апиын өндіруден өзге мақсаттарда апиын көкнәрін өсіру көлемi
1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенция: 1, 12, 19-баптар. 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер енгізу туралы 1972 жылғы 25 наурыздағы Хаттама: 5 және 9-баптар.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|