Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережесінің 14-тармағы 43-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті (Д.А. Турушова) және Заң басқармасы (Қ.А. Құлмағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Әкімжановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|