«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде: 2-кезеңінде: 2008 - 2012 жылдар: 2-тетікте: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Үлескерлер қатысатын, құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған тұрғын үй құрылысы объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер кейіннен көрсетілген объектілерде үлескерге бір ғана пәтер немесе дара тұрғын үй бере отырып, құрылысты аяқтау шартымен жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.»; төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|