«Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: «Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7446 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесінде: 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жекеше нотариустың меншік құқығын және үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаты қоса беріледі.»; 10-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бұрын берілген мөрін алып қояды және жояды.»; 14-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жекеше нотариустың мөрін алып қою және жою;»; Ереженің 4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 310 бұйрығына қосымша
Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін ережесіне 4-қосымша
Нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|