ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 Қаулысымен бекітілген
«Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына
1. «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22-бабының 4-тармағы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mіnt.gov.kz интернет-ресурсында орналасады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) келісім хатты жіберу (беру); 2) құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаны туралы хабарлама жіберу (беру) болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап сегіз жұмыс күні ішінде көрсетіледі; 2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды; 3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|