Өнім сапасы банкін қолдану қағидасын бекіту туралы
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өнім сапасы банкін қолдану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Жәмішев 2012 жылғы 30 тамыз
Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 140 бұйрығымен бекітілді
Өнім сапасы банкін қолдану
1. Осы Өнім сапасы банкін қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбырымен өнім тасымалдау қызметтерін көрсету кезінде өнім сапасы банкін қолдану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алушы - өнімді тасымалдау жөнінде қызметтерді ұсынуға арналған шарттың талаптарына сәйкес өнім қабылдауды жүзеге асыратын тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|