ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген
1. «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54 және 14-бабының 16) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген Авиация персоналына куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны авиация персоналына куәліктер (бұдан әрі - куәліктер) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 күн; 2) уәкілетті органда осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|