Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері (2012.07.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) беріле отырып, таратылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 2) Агенттіктің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі; 3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар. Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|