Қазақстан Республикасы Президентінің
1-тармағын қоспағанда ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 Жарлығымен күші жойылды (мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Мекеменің штат саны 43 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган деп айқындалсын. 4. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын; 2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін; 3) мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|