ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысымен бекітілген
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда мемлекеттік электрондық - цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы немесе «Е - лицензиялау» веб - порталы (бұдан әрі - портал): www.elicense.kz арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 13-бабының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 26-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mz.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда; 3) тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның ғимаратында орналасқан стенділерде орналастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|