ҚР Қөлік және коммуникация министрінің м.а. 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 603 бұйрығына 1-қосымша
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу»
1. Осы «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі терминдер мен аббревиатуралар пайдаланылады: 1) куәлік - бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік; 2) мемлекеттік қызмет - теңіз кемелерін бербоут-чартер тізіліміне мемлекеттік тіркеу; 3) Порттың теңіз әкімшілігі - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі; 4) тұтынушы - мемлекеттік қызметті көрсету өтініші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне және Порттың теңіз әкімшілігіне келіп түскен 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердігерлер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық жүк кемесін жалдаушы, шетелдік заңды тұлға; 5) шешім - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен берілген шет мемлекеттің теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы құжат. 2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|