Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының негізінде жүзеге асырылады. 4. «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын қағаз тасығышта ұсыну болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беруден бас тартылған жағдайда қағаз тасымалдағышта құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме жасалған дәлелді бас тарту беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет барлық заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру, тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап және қолхат алғаннан, сондай-ақ электронды сұраухат берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеппен ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік тіркеу алымы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берген орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген мөлшерде және төленген күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банкі мекемелері арқылы төленеді. 9. Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Орталықтарда мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктер үшін бір сағаттық түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Комитет мемлекеттік қызметті анықтама ақпараты, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдай жасалған кабинетте көрсетеді. Орталық мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратта көрсетеді. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жасау, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Комитетте және Орталықта шағымдар мен ұсыныстар журналы жүргізілді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар Комитетке немесе Орталыққа мынадай құжаттар: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтқаны туралы ақпараттың мерзімді басылымда жарияланғанын растайтын құжат; 3) заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат ұсынады. 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша өтініш толтырылады. Өтініштің бекітілген нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу» одан әрі «Өтініш үлгілері» бөлімдерінде орналастырылған. Комитетте белгіленген нысандағы өтініш бланкілері кабинеттегі арнайы тағандарда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орнатылады. 13. Мемлекеттік қызмет алу үшін Комитетте құжаттарды қабылдауды кезекші маман мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, 13- кіреберіс, 955-кабинет. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 14. Комитетте және Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы мына нысан бойынша мәліметтер: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі. 15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушы өзі келу тәртібімен қабылдайды. Комитетте заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын тұтынушыға беруді маман осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес, онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Комитет тұтынушы талап еткенге дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді. Орталықтарда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын тұтынушыға беруді инспектор «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді. 16. Комитет және уәкілетті органдар осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар тиісті рәсімделмеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда оларды бас тартудың/қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, тұтынушыларға қайтарады.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен Орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) заңдылық; 2) сыпайылық; 3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну; 5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы; 6) тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 7) тұтынушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітеді.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтың басшыларына жүгінеді. 21. Орталық көрсеткен қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 276-кабинет, телефоны 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/. Уәкілетті органдар көрсеткен қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша немесе электронды нысанда (krs.opp@minjust.kz) пошта арқылы немесе қолма-қол жеткізу арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс, 1021-кабинет, кеңсе телефоны 8 (7172) 740768, Комитет Төрағасының қабылдау телефоны 8 (7172) 740276, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының телефоны 8 (7172) 740229. Жұмыс кестесі: күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13:00-ден 14:30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін. 22. Мемлекеттік қызметті Комитет және уәкілетті органдар тікелей ұсынады. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым беру тәртібі осы стандартқа 21-тармақта көзделген тәртіпке сәйкес келеді. 23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым беру кезінде қажетті ресми құжаттар тізбесі жоқ. Шағым беру кезінде мемлекеттік құпияларды немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қоспағанда, тұтынушылар шағымды қарауға қажетті маңызы бар құжаттары мен басқа да материалдарын қоса ұсынады. Шағым еркін нысанда ресімделеді. 25. Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады. Тұтынушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін оның шағымын қабылдаған адам байланыс деректерін көрсете отырып, тегін, нөмірі мен күні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|