Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты немесе Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қағаз тасымалдағышта) беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды. мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. Жылжымайтын мүлікке және басқа объектілерге құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтер уәкілетті органға өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру бесінші жұмыс күні көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызмет уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады және дайын құжаттарды беру келесі жұмыс күні жүргізіледі (егер Орталықта өтініш сағат 17-ден кейін немесе сенбі күні қабылданса, уәкілетті орган үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күні басталады); мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу уәкілетті органға органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі (орындалған құжаттар тұтынушыға уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі); егер кепіл, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялаған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етсе, жылжымайтын мүлік кепілінің туындауын немесе өзгеруін тіркеу, сондай-ақ ипотека куәлігін беру жөніндегі қызметтер уәкілетті органға өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру үшінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі. Тіркеу алымы тіркеу іс-қимылдарды жасаған жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банктер мен банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Тіркеу алымы тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленуі тиіс. 9. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін құжаттар қабылданады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік тіркеу үшін тұтынушы (тұтынушының уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды: 1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; 2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды; 3) тұтынушының (жеке тұлғаның) және тұтынушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; 4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты не «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы берілетін төлем туралы чекті ұсынады. Көрсетілген құжаттардан басқа тіркелетін объектіге байланысты өзге де құжаттар ұсынылады. Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын ұсынады. Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады. Егер тіркеуге берген өтінішінде сатып алынатын немесе сататын активтерінің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететін мәліметтер болса, онда тұтынушы алдын ала монополияға қарсы органның жазбаша келісімін ұсынады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультанттарында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда: 1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша; 2) заңның бұзылуын жойғанға дейінгі прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес; 3) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмаса, тұтынушының осы стандарттың 11-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін; 4) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін; 5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді тіркеуші орган (уәкілетті орган) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін. Тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беру үшін Орталыққа тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда: 1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде; 2) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуді тоқтата тұруға негіз болып табылмаса, өтініш иесі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде; 3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тіркеуге ұсынылған кезде; 4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде; 5) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде; 6) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаған болса; 7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес келмегенде бас тартады. Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама және тіркеу үшін алым сомасын төлегендігін растайтын құжаттың түпнұсқасын жібереді. Тіркеу үшін алым төленгені туралы құжатты тұтынушы тіркеуге қайтадан құжат тапсырған кезде ұсына алады.
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшысына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҮШІН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (ҚҰҚЫҚТЫҚ АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ №_____________ ӨТІНІШ
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________________________________________________________ СТН, ал болған жағдайда - ЖСН ____________________________________________________________________________________________ Тұратын жері _____________________________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі___________________, сериясы_____________,№______ Берілді _________________________________________________________________________________, берілген күні _____________________ (егер өтініш беруші біреуден артық болса ақпаратты қайталау) ________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________ оның ________________________________________________________________________________________________ атынан іс-әрекет етеді (уәкілетті өкіл толтырады) негізінде _________________________________________________________________________________________________________________ (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) _________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне __________________ құқықтық /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ тіркеуіңізді сұраймын (сұраймыз) (керегінің астын сыз) Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. Төленгені туралы құжаты: түрі___________________№_____________________сомасы_____________________________________теңге 2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаты _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) 3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер
________/_________________________/___________________________________________ |