Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі тұтынушының тіркеу туралы белгісі бар кепіл шартын немесе өзге құжатын және тұтынушының қалауы бойынша берілетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) немесе Заңда көрсетілген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алуы болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды; мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру екінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі. Тіркеу алымы тіркеу іс-қимылдарды жасаған жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген мөлшерде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Тіркеу алымы тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленуі тиіс. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік бергені үшін төлем алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды және уәкілетті органның есеп шотына енгізіледі. 9. Уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін құжаттар қабылданады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында: 1) егер заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша; 2) егер жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер кепіл беруші болып табылса, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша көрсетіледі. Орталықтың залында анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін тұтынушы (тұтынушының уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды: 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті; 2) тұтынушының (жеке тұлғаның) және тұтынушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; 3) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты; 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжатты не «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы берілетін төлем туралы чекті; 5) тұтынушының қалауы бойынша берілетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төлемді растайтын құжатты; 6) кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар шартты; 7) кепіл беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы деректер болуға тиіс міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтінішті; 8) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің салық төлеуші куәлігінің (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) көшірмесін; 9) заңды тұлға болып табылатын кепіл берушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден мына жағдайларда, егер: 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар өзге де шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 2) кепілді тіркеу туралы өтініш «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 3) кепілді тіркеу туралы өтінішті тиісті тұлға жасамаса; 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат болмаса бас тартады. Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімі ішінде уәкілетті орган Орталыққа бас тартудың негізді себептерін көрсетіп хабарлама және кейіннен тұтынушыға ұсыну үшін тіркеуге алым төлегендігін растайтын құжаттың түпнұсқасын жолдайды. Тіркеуге алым төлегені туралы құжатты тұтынушы тіркеуге қайтадан құжаттарды тапсырғанда ұсына алады.
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
________________________________________________________________ тіркеу органының аты Өтініш № _______
Кепіл берушi
Жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған жылы, тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы,орналасқан жері, тіркеу № _________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрi_____сериясы______ №_______берілген күні __________________________________________ берілді. (құжатты берген органның аты) Почталық адрес, телефон ___________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ атынан әрекет етеді. (уәкілді өкілдің деректемелері) _________________________________________________________________________________________________________________ негізінде. (өкілеттігін куәландыратын құжаттардың деректемелері) __________________________________________________________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні мен жылы, тұрғылықты жері, заңды тұлғаның аты,орналасқан жері. Тіркеу № __________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрi_____сериясы_____№_________берілген күнi _________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________ берілді. (құжатты берген органның аты) Пошталық мекенжайы, телефоны ____________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________ атынан әрекет етеді. (уәкілді өкілдің деректемелері) __________________________________________________________________________________________________________________ негізінде. (өкілеттігін куәландыратын құжаттардың деректемесі) _____________________________________________________________________________________ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтінемін Шарт жасалған күн:_________________________________________________________________________________________________________ Шарт жасалған жер:_________________________________________________________________________________________________________ Кепіл заты туралы мәлімет (жылжымалы мүлікті көрсетеді)________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы_____________________________________________________________________ Шарттың қолданылу мерзімі:______________________________________________________________________________Кепілге салынған мүлік: кепіл берушінің_________________________кепіл ұстаушының ___________________________________ билігінде және пайдалануында қалады. Оны қолданудың мүмкіндігі: Ия Жоқ Кепілді қайта тіркеу туралы мәлімет: Ия Жоқ (керек емесін сыз) өтінішпен бірге (құжаттың аты, сериясы, кіммен және қашан берілген): 1. Төлем туралы құжат: түрi_______________№________________________сомасы___________________________________________________ 2.________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ қоса беріп тапсырамынМемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: Ия Жоқ (керек емесін сыз) ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Өтінішпен берген күн: «________»___________ ____________ж. Өтінішті қабылдаған күн: «_____»____________ ___________ ж. Өтініш берушінің қолы:________Уақыт:_______сағ.______мин. Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы:__________________________________
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|