Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет), аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезде аумақтық әділет органына жүгіну қажет. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы қағаз тасымалдағышта немесе дәлелденген бас тартуды беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), дайын құжаттар 5 күнде беріледі. 2) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды. Азаматтық хал актісін басқа аумақтық бірлікте тіркеген кезде тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 8. Мемлекеттік баж заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасаған жері және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленуі тиіс. 9. Құжаттарды қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен күн сайын, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай және Орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалынған ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: 1) куәліктерді қайтадан беру және мұрағаттық анықтамалар беру жөніндегі белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) тұтынушының жеке басын растайтын құжатын; 3) бюджетке мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты ұсынады. Қайтыс болуы туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлік тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ, өкілдік үшін жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенімхат) сенім білдірген (сенім білдірген) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкіл) осы тұлғадан (сенім білдірушіден) беріледі. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне кіретін туыстарына беріледі. 12. Өтініш бланктері Орталықтың күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады немесе Орталықтың консультанттарында болады. 13. Мемлекеттік қызмет алу үшін Орталықтың инспекторы құжаттардың толықтығы осы стандарттың 11-тармағына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады. 14. Тиісті құжаттар қабылдаған кезде тұтынушыға: 1) сауалдың нөмірі мен қабылдаған күні; 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды берген күні (уақыты) және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Қолхатта азаматтық хал актілерін жазу (бұдан әрі - АХАЖ) бөлімдерінің тіркеу фактісін растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар, акт жазбасының көшірмесі тек мемлекеттік органдардың сауалы бойынша ғана берілетіні айтылады. 15. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартатын болады. Уәкілетті орган, Орталықтан түскен құжаттар тиісінше есімделмеген жағдайда немесе осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарып береді. Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыға хабарлайды және қайтару себептері туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді. Уәкілетті органдағы құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
17. Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаларына негізделеді.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызметті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Орталық инспекторының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардың басшыларына жүгінеді. Орталық инспекторының іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың құқықтық ақпараттық қызметі телефоны: 58-00-58 арқылы алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келген шағымның Орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен пен мерзімде жүзеге асырылады. Тұтынушыға шағымды қарау қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Туу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
__________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ___________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №______________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Туу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім______________________________Атым___________________________Әкемнің аты_________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________ тудым (облысы, аудан,қала/ауыл, күні,айы,жылы) Ата-анам: Әкем_______________________________________________________________________________________________________________ Анам_______________________________________________________________________________________________________________ Құжат______________________________________________________________________________________________байланысты қажет. (себепті көрсету) 20_жылғы «__»________ Өтініш берушінің қолы _________________
Неке қию туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Неке қию туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім___________________________Атым____________________________Әкемнің аты__________________________________________ Неке__________________________________________________________________________________________________________қйылған. (ерлі-зайыбының аты-жөні) Неке қиюды тіркеу орны_________________________________________________________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ бөлімі) Неке қиюды тіркеу уақыты_______________________________________________________________________________________________ (күні,айы,жылы) Құжат________________________________________________________________________________________________байланысты қажет. (себепті көрсету) 20_жылғы «__»_________Өтініш берушінің қолы____________________
Неке бұзу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Неке бұзу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім_______________________________Атым__________________________Әкемнің аты______________________________________ Неке_________________________________________________________________________________________________________бұзылды. (ерлі-зайыбының аты-жөні) Неке бұзуды тіркеу орны_______________________________________________________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ бөлімі) Неке бұзуды тіркеу уақыты______________________________________________________________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат_______________________________________________________________________________________________байланысты қажет. (себепті көрсету) 20_жылғы «__»___________Өтініш берушінің қолы________________
Әкелікті анықтау туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Әкелікті анықтау туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім____________________________Атым_____________________________Әкемнің аты________________________________________ Әкелік анықтауды тіркеу орны___________________________________________________________________________________________ (аудан,қала, АХАЖ бөлімі) Әкелік анықтауды тіркеу уақыты__________________________________________________________________________________________ (күні,айы,жылы) Құжат________________________________________________________________________________________________байланысты қажет (себепті көрсету) 20_жылғы «__»___________ Өтініш берушінің қолы _______________
Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім_____________________________Атым___________________________Әкемнің аты_______________________________________ Бала (қыз) асырап алуды тіркеу орны____________________________________________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ бөлімі) Бала (қыз) асырап алды тіркеу уақыты___________________________________________________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат________________________________________________________________________________________________байланысты қажет (себепті көрсету) 20_жылғы «__»__________Өтініш берушінің қолы________________
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы мынаны хабарлаймын: Тегім__________________________________Атым____________________________Әкемнің аты__________________________________ Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту орны__________________________________________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ бөлімі) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту уақыты________________________________________________________________________________ (күні,айы, жылы) Құжат_________________________________________________________________________________________________байланысты қажет (себепті көрсету) 20_жылғы «__»_________Өтініш берушінің қолы________________
Қайтыс болу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
_____________________ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бөліміне (ХҚКО) ________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік №_____________________________ (нөмірі, кім және қашан берілді)
ӨТІНІШ
Қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, қайтыс болған тұлға туралы мынаны хабарлаймын: Тегі________________________________Аты_____________________________Әкесінің аты____________________________________ Қайтыс болуды тіркеу орны___________________________________________________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ бөлімі) Қайтыс болуды тіркеу уақыты_________________________________________________________________________________________ |