Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (2009.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157; 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi
1. Жалпы ереже ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ереже «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Жария тыңдаулар өткізудiң мақсаты - табиғи монополиялар субъектілері қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Жария тыңдаулар - табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң өкiлдерiн шақыра отырып, талқылау рәсiмi. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де айқындамалар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгiленген мағынада қолданылады. 4. Жария тыңдаулар өткізудiң қағидаттары: 1) жариялылық; ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау. 5. Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Уәкілетті орган мерзімді баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы: 1) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын; 2) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын хабарландыруды жариялайды. Мерзімді баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерін; 2) тыңдаулардың өткізілетін күні мен орнын; 3) табиғи монополия субъектісінің атауын және өтінім берілген реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге қатысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерін қамтуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 7-2-тармақпен толықтырылды 7-2. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын талқылау жөнінде жария тыңдаулар өткізу кезінде уәкілетті орган осы Ереженің 7-1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, тиісті жергілікті өкілетті органды шақырады. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 7-3-тармақпен толықтырылды 7-3. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілгенге дейін тұтынушылар мен мүдделі тұлғаларды жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабардар етеді. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 8- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді 8. Жария тыңдаулар: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекіту кезiнде бекіту туралы шешiм қабылдағанға дейiн отыз күннен кешiктiрмей; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезiнде бекіту туралы шешiм қабылдағанға дейiн он бес күннен кешiктiрмей өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін жеті күннен кешіктірмей; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күннен кешіктірмей өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 8-1- тармақпен толықтырылды 8-1. Жария тыңдауларды өткiзгенге дейiн уәкiлеттi орган табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау жөнiндегі шешiм жобасын дайындайды. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын; экономикалық жағынан негізделген есептемелері бар реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін арттыру себептері туралы ақпаратты ұсынады.
2. Жария тыңдаулар өткізудiң тәртібі 9. Тыңдаулар уәкiлеттi орган белгiлеген үй-жайда өткiзiледi. 10. Жария тыңдаулар өткізу үшiн уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрi - төраға) тағайындалады. Төраға уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргiзетiн хатшыны тағайындайды. 11. Төраға әрбiр жария тыңдауларға регламент белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 12- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Төраға тыңдауларды белгiленген уақытта ашуға, олардың мақсаты мен күн тәртібін хабарлауға тиiс. Төраға қатысушыларды тыңдаулар өткізудiң регламентiмен, табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметiне (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi жөніндегі өтiнiммен және шешiм жобасымен таныстырады. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 13- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң сөзінде олар көрсететiн реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ұсынылған деңгейiне немесе оның шекте деңгейіне егжей-тегжейлi түсiндiрме мен негiздеме бepугe тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 13-1- тармақпен толықтырылды 13-1. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 14- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлегендерге сұрақтар қоюға, қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарасын бiлдiруге, тыңдаулардың регламентiн бұзған тыңдауларға қатысушының сөзiн, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөздi үзе алады. Төраға жария тыңдаулар өтiп жатқан уақытта тәртіптi бұзған адамға ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдай тыңдауларға қатысушы адам үй-жайдан шығарылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 15- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Жария тыңдаулардың қатысушылары қаралып отырған мәселелер бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiруге, сөз сөйлеушiлерге сұрақтар қоюға, өз сөзiнде көмекшi материалдарды (плакаттарды, кестелердi және т.б.) пайдалануға және жария тыңдаулардың хаттамасына жазбаша сөздерiн қоса тіркей алады. 16. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады. 17. Жария тыңдаулар қатысушыларының білдiрген пiкiрi ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 18. Жария тыңдаулар жүргiзу барысында хаттама жүргiзiледi. Хаттама осы Ереженiң 7-1-тармағында көрсетiлген ақпаратты, сондай-ақ жария тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты туралы мәлiметтердi, тыңдауларда сөз сөйлейтiндердiң аты-жөнi мен сөйленген сөздер мәнiнiң қысқаша мазмұнын және нәтижелерiн қамтуға тиiс. Барлық хаттамалар нөмiрленедi және жеке папкаға тiгiледi. 19. Жария тыңдаулардың хаттамасы тыңдаулар өткен күннен бастап жария тыңдауларды өткiзген уәкілеттi органның мұрағатында үш жыл бойы сақталуға тиiс. 20. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер жария тыңдауларда табиғи монополия субъектiсiнiң келісімiнсiз жария етуге жатпайды. |