Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7398 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 274-278 жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А. Тұрлубек) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық ол бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығымен бекітілген
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|